9 сағат бұрын
Қарсылас бас тартты: Ерғали Шамей әлем чемпионатында қола алды

Фото: Қазақстан дзюдо федерациясы
Астана қаласында өтіп жатқан пара дзюдодан Әлем чемпионатында қазақстандық Ерғали Шамей (81 келі) қола жүлде алды, деп хабарлайды Sport12.kz.
J1 санаты бойынша сынға түскен ол 3-орын үшін белдесуде тағы бір отандасымыз Бауыржан Арстанбековпен күресуі тиіс еді. Бірақ қарсыласы татамиге шығудан бас тартты. Осыған байланысты жеңіс Ерғалиға берілді.
Жаһандық додада 10 салмақта жүлде жиынтығы сарапқа салынады. Ерлер 70, 81, 95, 95 келіден жоғары салмақта белдессе, әйелдер 52, 60, 70, 70 келіден жоғары салмақта жүлдеге таласады.
Қазірге дейін қазақстандық Айназ Куралова (46 келі) қола жүлде алды.
Ал қола жүлде үшін белдесуде Альфия Тлекқабыл (52 келі), J1 санаты бойынша Асылан Нұрдәулетов (70 келі), Темірболат Ташекенов (70 келі) 3-орын үшін кездесуде қарсыластарына есе жіберіп, үздік үштіктен көріне алған жоқ.
