6 сағат бұрын
Пара дзюдодан әлем чемпионатында Даяна Федосова қола алды

Фото: ҚР Пара дзюдо федерациясы
Астана қаласында өтіп жатқан пара дзюдодан Әлем чемпионатында Даяна Федосова (60 келі) қола медаль алды, деп хабарлайды Sport12.kz
J2 санаты бойынша Париж Паралимпиадасының қола жүлдегері Даяна Федосова (60 келі) 3-орын үшін өткен кездесуде Бразилия спортшысы Мария Дос Сантос Линсты таза жеңді.
Айта кетсек, бұдан бұрын ел құрамасынан Айназ Куралова (46 келі) қола жүлде алды.
Ал қола жүлде үшін белдесуде Альфия Тлекқабыл (52 келі), J1 санаты бойынша Асылан Нұрдәулетов (70 келі), Темірболат Ташекенов (70 келі) 3-орын үшін кездесуде қарсыластарына есе жіберіп, үздік үштіктен көріне алған жоқ.
Енді ел құрамасынан J2 санаты бойынша 81 келідегі Ғалымжан Смағұлұлы финалда өзге отандасымыз Бексұлтан Құлмырзамен чемпиондық атақты сарапқа салады.
Жаһандық додада 10 салмақта жүлде жиынтығы сарапқа салынады. Ерлер 70, 81, 95, 95 келіден жоғары салмақта белдессе, әйелдер 52, 60, 70, 70 келіден жоғары салмақта жүлдеге таласады.
Қазірге дейін қазақстандық Айназ Куралова (46 келі) қола жүлде алды.
