10 сағат бұрын

Әлем чемпионаты: Қазақстан дзюдо құрамасы жартылай финалға шықты

Әлем чемпионаты: Қазақстан дзюдо құрамасы жартылай финалға шықты

Фото: Қазақстан Пара дзюдо федерациясы

Астанада өтіп жатқан пара дзюдодан әлем чемпионатында командалық жарыста қазақстандық балуандар Моңғолиядан басым түсті, деп хабарлайды Sport12.kz.

IBSA Judo World Championships Astana бәсекесінің шешуші күні ел құрамасы қарсыласын 4:1 есебімен жеңді.

 Нәтижесінде жартылай финалға жолдама алды.

Смағұлұлы - Енкхтуиа - 1:0

Өтепов - Даштсерен - 0:10

Ұлданов - Ядамсурен - иппон

Шамей - Галбадрах - иппон

Ажғалиев - Лхагвадорж - иппон.

Айта кетсек, 13-14 мамыр күндері әлем чемпионатында жекелей сындағы белдесулер аяқталды.

Жаһандық додада 10 салмақта жүлде жиынтығы сарапқа салынды. Ерлер 70, 81, 95, 95 келіден жоғары салмақта белдессе, әйелдер 52, 60, 70, 70 келіден жоғары салмақта жүлдеге таласты.

Сондай-ақ, Халықаралық дзюдо федерациясы тәжірибе ретінде Олимпиада салмағына кірмейтін 2 салмақта (ерлерде 64, әйелдерде 46 келі) жүлде сарапқа салынды.

Әлем чемпионатында екі күннің қорытындысы бойынша ел құрамасы жекелей сында 2 алтын, 2 күміс және 5 қола жүлде еншіледі.

J2 санатынан Бексұлтан Құлмырза (81 келі) мен Жұрқамырза Шүкірбеков (95 келіден жоғары) алтын алса, Ғалымжан Смағұлұлы (81 келі) мен J2 санатында Аяла Мереке (70 келі) күміс жүлдеге қол жеткізді.

J1 санаты бойынша Ерғали Шамей (81 келі), Айназ Құралова (46 келі), Бағланбек Оңалбек (95 келіден жоғары), Ерлан Өтепов (95 келіден жоғары), J2 санатында Даяна Федосова (60 келі) қола жүлдегер болды.

Жәнібек Әлімханұлының чемпиондық жекпе-жегі қашан өтуі мүмкін?

Бокс 16 минут бұрын

Жәнібек Әлімханұлының чемпиондық жекпе-жегі қашан өтуі мүмкін?

Шахматшы Ксения Балабаева Азия чемпионатында қола медаль жеңіп алды

Басқа 53 минут бұрын

Шахматшы Ксения Балабаева Азия чемпионатында қола медаль жеңіп алды

Қазақстанда UFC турнирі өтуі мүмкін

ММА/UFC 1 сағат бұрын

Қазақстанда UFC турнирі өтуі мүмкін

«Астана» футболшылары жаттығудан бас тартты

Футбол 2 сағат бұрын

«Астана» футболшылары жаттығудан бас тартты

ҚПЛ-2025 клубтарына мемлекеттік бюджеттен қанша қаражат бөлінді?

Футбол 3 сағат бұрын

ҚПЛ-2025 клубтарына мемлекеттік бюджеттен қанша қаражат бөлінді?

Freedom QJ League ең ақылды футболшысы кім?

Футбол 4 сағат бұрын

Freedom QJ League ең ақылды футболшысы кім?