7 сағат бұрын
Әлем чемпионаты: Қазақстан пара дзюдодан ерлер құрамасы алтынға таласады

Фото: ҚР Пара дзюдо федерациясы
Астанада өтіп жатқан пара дзюдодан әлем чемпионатында ерлер құрамасы арасындағы командалық жарыста қазақстандық балуандар финалға жолдама алды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Жартылай финалда олар Грузияны 4:2 есебімен жеңді. Олар бұдан бұрын Моңғолияны 4:1 есебімен тізе бүктірген еді.
Айта кетсек, 13-14 мамыр күндері әлем чемпионатында жекелей сындағы белдесулер аяқталды.
Әлем чемпионатында екі күннің қорытындысы бойынша ел құрамасы жекелей сында 2 алтын, 2 күміс және 5 қола жүлде еншіледі.
https://kaz.inform.kz/news/astanadagi-para-dzyudodan-alem-chempionatinda-zhekeley-sin-maresne-zhett-0e5f67/
J2 санатынан Бексұлтан Құлмырза (81 келі) мен Жұрқамырза Шүкірбеков (95 келіден жоғары) алтын алса, Ғалымжан Смағұлұлы (81 келі) мен J2 санатында Аяла Мереке (70 келі) күміс жүлдеге қол жеткізді.
J1 санаты бойынша Ерғали Шамей (81 келі), Айназ Құралова (46 келі), Бағланбек Оңалбек (95 келіден жоғары), Ерлан Өтепов (95 келіден жоғары), J2 санатында Даяна Федосова (60 келі) қола жүлдегер болды.
