11 сағат бұрын

Тедди Ринер әлем чемпионатына қатысудан бас тартты

Тедди Ринер әлем чемпионатына қатысудан бас тартты

Олимпиада ойындарының 3 дүркін чемпионы Тедди Ринер жанкүйерлеріне күтпеген мәлімдеме жасады, деп хабарлады Sport12.kz

Даңқты дзюдошы 13-20 маусым аралығында Будапештте өтетін әлем чемпионатына қатысудан бас тартты. Спортшының айтуынша, шынтағына жасалған отадан кейін ол әлі толық қалпына келмеген.

«Мен Будапештте өтетін Әлем чемпионатына қатыспаймын. Бірнеше ай бұрын шынтағыма жасалған операция сәтті өткенімен, әлі толық қалпыма келе қойған жоқпын. Мен жоғарғы деңгейде өнер көрсетуім үшін физикалық әрі психологиялық тұрғыдан толық дайын болуым керек.
Халықаралық ірі бәсекеден бас тарту – оңай шешім болған жоқ. Бірақ, бұл – өз командаммен бірге ақылдасып және ойлана келе қабылданған шешім. Біз күн сайын тынбай еңбектеніп жатырмыз, мақсат — бұрынғыдан да мықты болып оралу.
Менің басты мақсатым өзгермейді, ол – Лос-Анджелестегі Олимпиада ойындары. Сол жерге ең жақсы қалпымда баруды көздеймін. Қолдауларыңыз үшін алғыс білдіремін, татамиде қайта жолыққанша», - деді Тедди Риннер өзінің instagram-парақшасында.


Тедди Ринер әлем чемпионатына қатысудан бас тартты

Дзюдо 11 сағат бұрын

Тедди Ринер әлем чемпионатына қатысудан бас тартты

Бақтияр Артаев: «Қайсарға» жазғы трансферде тәжірибелі ойыншылар келеді

Футбол 11 сағат бұрын

Бақтияр Артаев: «Қайсарға» жазғы трансферде тәжірибелі ойыншылар келеді

Ел чемпионатының 9-турын қай арнадан көрсетеді?

Футбол 11 сағат бұрын

Ел чемпионатының 9-турын қай арнадан көрсетеді?

Зарина Диас Жапониядағы турнирде жартылай финалға жолдама алды

Теннис 11 сағат бұрын

Зарина Диас Жапониядағы турнирде жартылай финалға жолдама алды

Әлем чемпионаты: Дания хоккей құрамасы Мажарстанды ірі есеппен жеңді

Хоккей 12 сағат бұрын

Әлем чемпионаты: Дания хоккей құрамасы Мажарстанды ірі есеппен жеңді

«Қайрат» футзал клубы сенсациялық жеңіліске ұшырады

Футзал 12 сағат бұрын

«Қайрат» футзал клубы сенсациялық жеңіліске ұшырады