7 сағат бұрын
Елдос Сметов неліктен әлем чемпионатына қатыспайды?

Фото: Сали Сабиров/ҰОК баспасөз қызметі
Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) 13-19 маусым аралығында Венгрия астанасы Будпештте өтетін әлем чемпионатына қатысатын балуандардың алдын-ала тізімін жариялады, деп хабарлайды Sport12.kz.
Алайда, жанкүйерлер бұл спортшылардың қатарынан Олимпиада ойындарының үш дүркін жүлдегері Елдос Сметовты көре алмады. Сметовтың жаһандық додаға қатыспау себебі olympic.kz материалында айтылды.
– Сметов Париждегі жеңісінен кейін татамиге қайта оралған жоқ. Тәжірибелі дзюдошы біраз уақытты денсаулығын қалпына келтіруге және жеке дамуына арнауды жөн көрді. Сонымен қатар ол 2028 жылғы Олимпиадаға қатысуы мүмкін екенін жоққа шығармайды, – делінген материалда.
Елдос Сметов – қазақстандық дзюдошы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Париж XXXIII Олимпиадасының жеңімпазы, Рио-де-Жанейрода өткен ХХХІ жазғы Олимпиадасының күміс жүлдегері, Токиода өткен ХХХІІ жазғы Олимпиадасының қола жүлдегері. Әлем чемпионы (Астана, 2015 жыл), Жастар арасындағы Әлем Чемпионы (2010 жыл), Азия Чемпионы (Ташкент, 2016 жыл), Халықаралық «Grand Prix» турнирінің үш дүркін жеңімпазы, Жастар арасындағы Азия чемпионатының қола жүлдегері (Бангкок, 2013 жыл), Азия ойындарының жеңімпазы (Инчхон, 2014 жыл).
