08.09.2024

Жамбы ату ережесі қандай?

Жамбы ату ережесі қандай?

Дүниежүзілік көшпенділер ойындары алдында жамбы атудан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Елдос Бадашев пікірін білдірді:

– Бүгін «Қазанат» ипподромы маңындағы этноауылда V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының алғашқы жарыс күні басталды. 27 мемлекеттен келген 80-ге жуық қатысушы жамбы ату спортының мажар стилінен өнер көрсетіп жатыр. Бұл стильдің ерекшелігі спортшы атпен жылдамырақ шауып, нысанаға көп оқ тигізу керек. Жебе санына шектеу жоқ. 
Қазақстан дирекциясы барлығын атпен қамтамасыз еттік. Тоқсан аттай дайындадық. Қатысушылар 78 атты лотереямен таңдап алды. Барлық ат жамбы атуға бейімделген. Шетелге барғанда да лотереямен ойнатады. Кейде таңдауға мүмкіндік береді. Біз таңдауға мүмкіндік бере алмаған себебіміз – оған көп уақыт кетеді. Спортшылар өте көп. Мен барған әлем чемпионаттарында, халықаралық жарыстарда 70-тен астам спортшы болмаған. Көшпенділер ойындары болғандықтан көп қатысушы келді. Шетелдік қатысушылар өздерінің емес жергілікті аттармен өнер көрсеткен соң олардың нәтижесіне әсер етеді. Шетелге барғанда да сол атты танып алуға екі-үш сағат беріледі. Тәжірибелі спортшының аты ыңғайсыз болып қалуы мүмкін. Бәрібір өз атыңа жетпейді. 

Көшпенділер ойындарына үш ай дайындалдық. Ұлттық құрамаға кірген 15 адамнан 4 спортшы іріктелді. Жыл басынан бері төрт оқу-жаттығу жинын өткіздік. Он күннен бері осы этноауылда дайындалдық. Аттар да, спортшылар да дайын. Әр спортшыға жеке тактика дайындадық. Біреуіне жылдам, біреуіне орташа шабатын ат бердік. Бүгін Абзал Тулыбеков өнер көрсетіп жатыр. Мажар стилінен Еуропа чемпионы болған Франция құрамасы, мажарлар, монғолдар, түріктер қарсыласымыз.

Дастан Сәтпаевтың голы «Қайратқа» жеңіс алып келді

Футбол 7 сағат бұрын

Дастан Сәтпаевтың голы «Қайратқа» жеңіс алып келді

ҚПЛ: «Астана» қарсыластарынан ұзай түсті

Футбол 7 сағат бұрын

ҚПЛ: «Астана» қарсыластарынан ұзай түсті

Елена Рыбакина «Ролан Гаррос» турнирінде сенімді жеңіске жетті

Футбол 8 сағат бұрын

Елена Рыбакина «Ролан Гаррос» турнирінде сенімді жеңіске жетті

Триатлоннан Самарқандағы Әлем кубогының кезеңі: Қазақстан құрамасының нәтижесі қандай?

Басқа 10 сағат бұрын

Триатлоннан Самарқандағы Әлем кубогының кезеңі: Қазақстан құрамасының нәтижесі қандай?

Массимилиано Аллегри – «Милан» бас бапкері атанды

Футбол 11 сағат бұрын

Массимилиано Аллегри – «Милан» бас бапкері атанды

Төрехан Сабырхан Тайландтағы турнирдің финалына шықты

Бокс 12 сағат бұрын

Төрехан Сабырхан Тайландтағы турнирдің финалына шықты