08.09.2024

Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Аударыспақтан ел құрамасы бәсекеге дайын

Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Аударыспақтан ел құрамасы бәсекеге дайын

Бүгін, 8 қыркүйекте Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының бірінші күнінде Астанадағы этноауыл аумағында аударыспақтан 60, 70 және 80 келі салмақ дәрежесінде балуандардың салмақ өлшеу және жеребе тарту рәсімі өтті.

Аударыспақтан Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарында 9 елдің ұлттық құрамасы өнер көрсетеді. Бүгін сол 9 елден келген құрама өкілдері төрешілер алқасы мен өкілеттік комитетіне жиналды. Онда қатысушылар жарыстың әділ өтуін және белгіленген халықаралық ережелердің сақталуын бақылауды қамтамасыз етуді қадағалады. Бұдан кейін 60, 70, 80 келі салмақтағы спортшылар салмақ өлшеу және жеребе тарту рәсімінен өтті.

Аударыспақ жарыстарына Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Моңғолия, Қытай, Түркия, Мажарстан және басқа елдердің командалары қатысады.
Қазақстан құрамасының бас бапкері Жанбатыр Бекмұсаев: «Ұлттық құрамамыз Дүниежүзілік көшпенділер ойынына сақадай сай. Оқу-жаттығу жиынын 27 тамыз бен 7 қыркүйек аралығында Астанада өткіздік. Көктемнен бері палуандарымыз бен аттарымызды да дайындадық. Алты оқу-жаттығу жиыны өтті. Командалық есепте бірінші орын алуға барымызды саламыз. Көрерменге айтарым - аударыспаққа жанкүйер болыңыздар, ұлттық құраманы қолдаңыздар. Этноауылға келіп, көзбен көріп, қолдау көрсетңіздер тіптен жақсы». 
Ертең, 9 қыркүйекте этнопарк аумағында сағат 10:00-де ресми аударма байқауы басталады.

Естеріңізге сала кетейік, Аударыспақ – екі салт аттының күресі, ұлттық спорт түрі. Жарыстар арнайы жабдықталған диаметрі 15 метрлік шеңбер тәріздес алаңда өтеді.  

ҚР аударыспақ Федерациясы ұлттық спорт түрлерініңФедерациясы мен 2023 жылы құрылған Халықаралық атүсті күресі федерациясына кіреді (World Federation ofHorseback Wrestling)

Ресей Федерациясы Ұлттық спорт Ат үсті күресі біздің елмен қатар Өзбекстан, Монғолия, Қырғызстан, Ресей, Венгрия, Түркия, Қытай мен Ауғаныстанда кеңінен тараған. Әр елдегі атауы әрқалай: аударыспақ, аударыш, одарыш, эр эңиш, ат үстуде күраш. Оның бәрін біріздендіру мақсатында ҚР аударыспақФедерациясы Horseback Wrestling – ат үсті күресі дегенатауды қолдануды ұсынды. 

2023 жылдың ақпанында ҚР аударыспақ Федерациясыныңпрезиденті болып Atasu Group көлік-логистикалық холдингінің негізін қалаушы және иегері Марат Жұмансайланды. Оның бастамасымен World Federation ofHorseback Wrestling (Халықаралық ат үсті күресіфедерациясы) құрылды.

Қазақстанда стенд атудан Азия кубогі өтеді

Басқа 13 сағат бұрын

Қазақстанда стенд атудан Азия кубогі өтеді

Бас бкпкер: Махмуд Сабырхан мен Айбек Оралбай салмақ ауыстырады

Футзал 13 сағат бұрын

Бас бкпкер: Махмуд Сабырхан мен Айбек Оралбай салмақ ауыстырады

Алда қазақстандық спортшыларды қандай жарыстар күтіп тұр?

Басқа 13 сағат бұрын

Алда қазақстандық спортшыларды қандай жарыстар күтіп тұр?

Португалия Панаманы ірі есеппен жеңді

Футзал 13 сағат бұрын

Португалия Панаманы ірі есеппен жеңді

Премьер-Министр Паралимпиада жүлдегерлері мен жаттықтырушыларға мемлекеттік наградалар табыс етті

Париж-2024 15 сағат бұрын

Премьер-Министр Паралимпиада жүлдегерлері мен жаттықтырушыларға мемлекеттік наградалар табыс етті

Әлем чемпионаты: Дәурен Тұрсағұлов бір ойынға қатыспайды

Футзал 15 сағат бұрын

Әлем чемпионаты: Дәурен Тұрсағұлов бір ойынға қатыспайды