08.09.2024

Қазақ күресінен ел құрамасы анықталды

Қазақ күресінен ел құрамасы анықталды

Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында V Дүниежүзілік Көшпенділер ойындары аясында қазақ күресінен өтетін жарысқа қатысушы командалардың іріктелуі аяқталды.

Сөйтіп, кешенді ойындарда қазақ күресінен 41 мемлекеттен 274 спортшы қатысып, бақтарын сынайтын болды. Аталмыш спорт түрінен балуандар жалпы 16 салмақ дәрежесінде сынға түседі. Атап айтқанда, ерлер 55, 60, 66, 74, 82, 90, 100, +100, ал әйелдер 48, 52, 56, 60, 70, 77, +77 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді. 

Қазақ күресінен ҚР ұлттық құрамасы:

Ерлер – Төлепов Бекжан (55 кг, Жетісу обл.), Берекетов Мейіржан (60 кг, СҚО), Тұқышев Дидар (66 кг, Абай обл.), Қожамбеков Жұмажан (74 кг, Шымкент қ.), Сейітқазынов Ерсін (82 кг, Абай обл.), Жанатаев Ерасыл (90 кг, Алматы қ.), Мұзаппаров Ерсұлтан (100 кг, Шымкент қ.), Жарылғапов Нұрдәулет (+100 кг, Маңғыстау обл.). 

Әйелдер – Жылқыбаева Айжан (48 кг, Түркістан обл.), Азаматова Назерке (52 кг, Ақтөбе обл.), Нұрмахамметова Рауза (56 кг, Жамбыл обл.), Құсақбаева Бақыт (60 кг, Ақтөбе обл.), Сарипова Зарина (65 кг, Абай обл.), Нысантайқызы Роза (70 кг, Абай обл.), Файзолланова Зәмзәгүл (77 кг, Шымкент қ.), Бахиева Альбина (+77 кг, Шымкент қ.).

Жалпы 5-ші Дүниежүзілік Көшпенділер ойындары аясындағы қазақ күресінің жарысында қазақ күресінен ұлттық құраманың мүшелері 9 алтын, 3 күміс және 4 қола медаль алады деп күтілуде.
Айта кетейік, қазақ күресінің белдесулері екі жарыс күніне бөлінген. 9 қыркүйекте ерлер арасында 55, 60, 66, 74 келі, әйелдер арасында 48, 52, 56, 60 келі салмақ дәрежелерінің жеңімпаздары анықталады. Ал, 10 қыркүйек күні ерлер арасында 82, 90, 100, +100 келі, әйелдер арасында 65, 70, 77, +77 келі салмақ дәрежелерінің чемпиондары белгілі болады.

Жарыстың бас төрешісі – Қайрат Пазылбек.


Қазақстанда стенд атудан Азия кубогі өтеді

Басқа 13 сағат бұрын

Қазақстанда стенд атудан Азия кубогі өтеді

Бас бкпкер: Махмуд Сабырхан мен Айбек Оралбай салмақ ауыстырады

Футзал 13 сағат бұрын

Бас бкпкер: Махмуд Сабырхан мен Айбек Оралбай салмақ ауыстырады

Алда қазақстандық спортшыларды қандай жарыстар күтіп тұр?

Басқа 13 сағат бұрын

Алда қазақстандық спортшыларды қандай жарыстар күтіп тұр?

Португалия Панаманы ірі есеппен жеңді

Футзал 13 сағат бұрын

Португалия Панаманы ірі есеппен жеңді

Премьер-Министр Паралимпиада жүлдегерлері мен жаттықтырушыларға мемлекеттік наградалар табыс етті

Париж-2024 15 сағат бұрын

Премьер-Министр Паралимпиада жүлдегерлері мен жаттықтырушыларға мемлекеттік наградалар табыс етті

Әлем чемпионаты: Дәурен Тұрсағұлов бір ойынға қатыспайды

Футзал 15 сағат бұрын

Әлем чемпионаты: Дәурен Тұрсағұлов бір ойынға қатыспайды