09.09.2024

Қазақ-қырғыз спорт саласындағы ынтымақтастығы талқыланды

Қазақ-қырғыз спорт саласындағы ынтымақтастығы талқыланды

ҚР Туризм және Спорт министрлігі

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында Қырғыз Республикасының Мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрі Алтынбек Мақсұтовпен кездесті.

Кездесуде Ербол Мырзабосынов Қырғызстан спортшыларын Қазақстанда өтетін іс-шараларға белсене қатысып, еліміздегі нысандарда оқу-жаттығу жиындарын өткізуге шақырды.

Қазақстан ұлттық құрамасының спортшылары жыл басынан бері Қырғызстан аумағында 7 жарысқа қатысып, 10 оқу-жаттығу жиынын өткізген. Спортшылар жеңіл атлетика, күрес, садақ ату, дзюдо сынды спорт түрлерінен тәжірибе, дағдыларын алмасты. Бұл ретте 2023-2024 жылдар кезеңінде қырғыз спортшылары Қазақстан аумағындағы 14 іс-шарада өнер көрсеткенін айта кеткен жөн. 

Сонымен қатар министр 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын ұйымдастыру барысында көрсеткен көмегі үшін қырғыз ағайындарға алғыс айтты. 

«Қазақ пен қырғыз ежелден түп-тамыры, тарихы, тілі мен мәдениеті етене жақын халық. Екі ел арасындағы тығыз достық қарым-қатынас ғасырлар бойы жалғасып келеді. Қазір біз 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын өткізіп жатырмыз. Ұйымдастыру барысында көрсеткен көмек үшін ең алдымен Сізге және атсалысқан барша Қырғызстан азаматтарына ерекше алғысымды білдіремін», - деді Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов.

Айта кетейік, 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қырғызстан спортшылары спорттың барлық 21 түрінен бақ сынайды.

Осы аптада қазақстандық спортшылар қандай жарыстарда бақ сынайды?

Басқа 39 минут бұрын

Осы аптада қазақстандық спортшылар қандай жарыстарда бақ сынайды?

Чемпиондар лигасы:«Пальма» үшінші жыл қатарынан жеңімпаз болды

Футбол 8 сағат бұрын

Чемпиондар лигасы:«Пальма» үшінші жыл қатарынан жеңімпаз болды

Төрттіктің финалы: «Қайрат» «Пальмадан» жеңіліп жатыр

Футзал 9 сағат бұрын

Төрттіктің финалы: «Қайрат» «Пальмадан» жеңіліп жатыр

Футзалдан Чемпиондар лигасының қола жүлдегері анықталды

Футзал 10 сағат бұрын

Футзалдан Чемпиондар лигасының қола жүлдегері анықталды

Чемпиондар лигасы: «Қайрат» пен «Пальма» құрамын жариялады

Футзал 10 сағат бұрын

Чемпиондар лигасы: «Қайрат» пен «Пальма» құрамын жариялады

«Тобыл» соңғы минутта жеңіске жетті

Футбол 12 сағат бұрын

«Тобыл» соңғы минутта жеңіске жетті