10.09.2024

Көкпардан ұлттық құрама АҚШ командасын жеңді

Көкпардан ұлттық құрама АҚШ командасын жеңді

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында көкпардан Қазақстан ұлттық құрамасы АҚШ-тан келген көкпаршыларды 12-4 есебімен жеңді, деп хабарлайды «Ұлттық және ат спорт түрлері орталығының» баспасөз қызметі. 

«АҚШ құрамасының ойыны бұрынғыға қарағанда дұрысталып қалған. Кеше көкбөрі ойнаған құрамы бүгін көкпар ойнады. Ертең жартылай финалда Ресей көкпаршыларымен кездесеміз. Тобымызда бес құрама болған соң финалға дейін үш кездесу өткізуіміз керек болды. Ал басты қарсыласымыз Қырғызстан бүгін Түркияны жеңсе финалға шығып тұр», – деді көкпардан ұлттық құрама бас бапкері Абылай Манкеев.

«Қазанат» ипподромында өтіп жатқан көкпар бәсекесіне 9 мемлекеттің құрамасы қатысып жатыр. Бұл спорт түрінен барлығы 104 спортшы сынға түседі. Көкпардан бақ сынайтын құрамалар: Қазақстан, АҚШ, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Венгрия, Қытай, Моңғолия және Түркия.

Финалдық ойындар 12 қыркүйекте өтеді.

Әйелдер күресінен ел құрамасы әлем чемпионатына дайындалуда

Күрес 29 минут бұрын

Әйелдер күресінен ел құрамасы әлем чемпионатына дайындалуда

Алексей Луценко велоспорттан әлем чемпионатына бармайды

Басқа 32 минут бұрын

Алексей Луценко велоспорттан әлем чемпионатына бармайды

Біржан Оразов ұлттық құрама сапында 60 кездесу өткізді

Футзал 1 сағат бұрын

Біржан Оразов ұлттық құрама сапында 60 кездесу өткізді

Бокстан Қазақстан құрамасына жаңа капитан тағайындалды

Бокс 1 сағат бұрын

Бокстан Қазақстан құрамасына жаңа капитан тағайындалды

Қарағандыда әйелдер боксынан “Мықтылар турнирі” өтеді

Бокс 1 сағат бұрын

Қарағандыда әйелдер боксынан “Мықтылар турнирі” өтеді

Елордалық «Барыс» Екатеринбургте жеңіске жете ала ма?

Хоккей 2 сағат бұрын

Елордалық «Барыс» Екатеринбургте жеңіске жете ала ма?