13.09.2024
Ұлттық Қауіпсіздік комитеті қырғыз спортшысына жауап берді
Дүниежүізілік көшпенділер ойындарында ҰҚК қызметкері қырғыз спортшысына қысым көрсеткені жайындағы ақпарат шындыққа сай келмейді.
Бұл жөнінде еліміздің Ұлттық Қауіпсіздік комитеті ресми жауап берді.
«2024 жылғы 12 қыркүйекте БАҚ-та және әлеуметтік желілерде Қырғызстан құрамасының көкпар ойыншысына ҰҚК қызметкері қысым көрсеткені туралы ақпарат таралды.
Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.
ҰҚК қызметкерлері 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын өткізу барысында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысқан жоқ. Тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырамыз», - деп жазылған комитет таратқан хабарламада.