14.02.2026
Ербол Мырзабосынов Италиядағы қазақ жанкүйерлерімен кездесті
Италияға жұмыс сапарымен барған ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов осы елде білім алып жатқан қазақстандық студенттермен және спорт жанкүйерлерімен кездесті.
Министр халықаралық жарыстарда отандық спортшыларды қолдауға келген жастардың отансүйгіштігіне ризашылығын білдіріп, олардың әрқайсысының ниетіне алғыс айтты. Ол өз сөзінде спорттық ареналарда көк туымызды желбіретіп, спортшыларға рух беру — ортақ жеңіске қосылған үлкен үлес екенін атап өтті.
Өз кезегінде мемлекеттік туды жамылған жастар «Алға, Қазақстан!» деп ұрандатып, шетелде жүрсе де ел намысы үшін бірігудің шынайы үлгісін көрсетті. Кездесу соңында министр мен жанкүйерлер естелікке суретке түсіп, қазақ спортының болашағы мен жастардың рөлі туралы жылы лебіздерімен бөлісті.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»