4 сағат бұрын
Ербол Мырзабосынов Паралимпиада чемпионы Ербол Хамитовты құттықтады
Фото: ҚР Туризм және спорт министрлігі
ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Паралимпиада чемпионы Ербол Хамитовты құттықтады, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл жөнінде министрліктің баспасөз қызметі мәлім етті.
Құрметті достар! Біздің спортшымыз Ербол Хамитов ерледі. Миланда өтіп жатқан Паралимпиадада топ жарып, ел қоржынына кезекті алтын жүлдені салып отыр. Ол бұған дейін қола медаль жеңіп алған еді. Отандасымызды Паралимпиададағы айрықша жеңісімен шын жүректен құттықтаймын. Бұл – табандылықтың, қажырлы еңбек пен мықты рухтың жемісі. Бұған дейін ел қоржынына қола медаль салған едіңіз. Енді міне, алтын тұғырдан көрініп, барша қазақстандықты зор қуанышқа бөледіңіз, - деп жазылған хабарламада.
Сондай-ақ министр спортшының жеңісі – еліміздің спорт тарихындағы айтулы жетістік екенін атап өтті.
- Бұл – Қазақстан тарихындағы Паралимпиадада жеңіп алған екінші алтын медаль. Сіз тек спорттағы жоғары шеберліктің ғана емес, қайсарлық пен жігердің де үлгісін көрсеттіңіз. Сіздің жеңісіңіз жас спортшыларға үлгі болып, ел спортының дамуына жаңа серпін беретініне сенімдімін.
Сізге зор денсаулық, толағай табыс және алдағы жарыстарда жаңа жеңістер тілеймін, - деп толықтырды министр.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»