Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

6 сағат бұрын

Елімізде спорт мектептеріндегі жаттықтырушылардың жалақысы артады

Елімізде спорт мектептеріндегі жаттықтырушылардың жалақысы артады

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне туристік саланы және балалар спортын қолдау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Sport12.kz

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында Туризм және спорт министрлігі Балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерін (БЖСМ) жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру жүйесіне көшіруді көздейтін заң жобасын әзірледі.

Заң жобасы аясында БЖСМ жаттықтырушы-оқытушыларының еңбекақысын арттыруға бағытталған шара қарастырылған.

Атап айтқанда, жаттықтырушы-оқытушылардың жалақысы лауазымдық жалақының 30%-ы мөлшерінде өседі. Қосымша төлем біліктілік тестілеуінен өткен және даярлықтың ұлттық стандарттарына сәйкес оқу-жаттығу үдерісін жүргізетін жаттықтырушы-оқытушыларға беріледі.

Қазіргі таңда елімізде 526 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі жұмыс істейді. Онда 15 мыңнан астам жаттықтырушы-оқытушы еңбек етеді. Жыл сайын жаттықтырушылардың шамамен 30%-ы біліктілік тестілеуінен өтеді деп жоспарлануда. Тестілеуді Республикалық дене шынықтыру және спорт бойынша оқу-әдістемелік және талдау орталығы өткізеді.

Жергілікті бюджеттен қосымша қаражат бөлу Республикалық бюджет комиссиясының шешімімен қолдау тапты.

2026-2028 жылдарға 74 млрд теңге жоспарланған. Оның 1,8 млрд теңгесі жаттықтырушы-оқытушылардың жалақысына қосымша төлемдерге бағытталады. Қалған қаражат БЖСМ-дердің материалдық-техникалық базасын нығайтуға, балалардың жарыстар мен оқу-жаттығу жиындарына қатысуына, фармакологиялық қамтамасыз етуге, спорттық киім-кешек пен жабдықтар сатып алуға жұмсалады.

Аталған шаралар жаттықтырушы мамандығының беделін арттыруға, балалар мен жасөспірімдер спорты жүйесіне білікті мамандарды тартуға және тәжірибелі бапкерлерді салада ұстап қалуға, сондай-ақ спорт резервін даярлаудың тұрақты жүйесін қалыптастыруға бағытталған.

Жан басына шаққандағы қаржыландыру жүйесіне көшу балалар мен жасөспірімдер спортын кешенді түрде қолдауға мүмкіндік береді. Мәселен, БЖСМ-де бір спортшыға жылына орта есеппен 415 мың теңге бөлінеді. Қазіргі таңда сметалық қаржыландыру жүйесінде бұл көрсеткіш шамамен 233 мың теңгені құрайды.

Жалпы еліміздегі 526 БЖСМ-де 398 342 спортшы шұғылданады. Спорт мектептеріне балалар 5 жастан бастап қабылданады.


Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»