13.02.2025
Футбол ойнаймын деп тісінен айырылды
Бразилияның Рио-де-Жанейро штатының кәсіби Кариока лигасының 7-туры аясында «Ботафого» сырт алаңда «Фламенгомен» кездесті
Кездесу 1:0 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталды. Матч соңы жаға-жыртысқа ұласып кетті. Төбелес кезінде «Ботафого» қорғаушысы Александер Барбосаның тісіне келеңсіз соққы тиді. Барбоса бұған бей-жай қарамай жауап қайтарып та үлгерді. Нәтижесінде матч соңында бір мезетте алаңнан үш ойыншы қуылды.
Аргентиналық ойыншы ойыннан кейін баспасөз аймағынан лезде өтіп кеткісі келген, алайда көзі қырағы журналисттер оның тіссіз келбетін суретке түсіріп үлгерді.

Фото: Reprodução/Sportv
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»
Азамат Бақи