1 күн бұрын
Alash Pride 108: Ерхан Жұмабаев алғашқы жеңілісіне ұшырады

Фото: Alash Pride
Астанада өтіп жатқан аралас жекпе-жектен Alash Pride турнирінде қазақстандық жауынгер Ерхан Жұмабаев жеңіліс тапты, деп хабарлайды Sport12.kz
Бразилиялық Веллингтон Перейраға қарсы октагонға көтерілген отандасымыз төрешілер шешімі бойынша қарсыласына есе жіберді.
Бұл қос файтер арасындағы екінші текетірес болды. Осыған дейін Ерхан мен Перейраның жолы Оралда өткен Alash Pride 106 турнирінде түйісіп, тең нәтиже тіркелген еді.
Осылайша Жұмабаев аралас жекпе-жектегі кәсіби мансабында алғаш рет жеңілістің кермек дәмін татты. Сондай-ақ, жерлесіміздің еншісінде 4 жеңіс бар.
Айта кетейік, кештің басты айқасы қазақстандық Дамир Исмагулов (26-3) пен бразилиялық Алан Патрик (15-4) арасында өтеді.
