15.06.2025
Камару Усман UFC турнирінде Хоакин Баклиді жеңді

Фото: Getty Images
Маусымның 14-нен 15-не қараған түні Атлантада (АҚШ) UFC on ESPN 69 турнирі өтті, деп хабарлайды Sport12.kz.
Кештің басты оқиғасы жартылай орта салмақтағы бұрынғы чемпион Камару Усман (Нигерия) мен Хоакин Бакли (АҚШ) арасындағы жекпе-жек болды.
Жекпе-жек бес раундқа созылып, Усманның жеңісімен аяқталды.
Камару үшін бұл 4 жеңіліспен мансабындағы 21-ші жеңісі болды. Бұған дейін ол қатарынан үш рет жеңіліске ұшыраған болатын.
Баклидің қазір рекорды 21 жеңіс және 7 жеңіліс. Файтер соңғы алты жекпе-жегінде жеңіске жеткен еді.
