5 сағат бұрын
Макс Холлоуэй UFC 318 турнирінде Дастин Порьені жеңді

19-нан 20 шілдеге қараған түні Жаңа Орлеан қаласындағы «Смути Кинг-центр» аренасында UFC 318 турнирі өтті, деп хабарлайды Sport12.kz
Кештің басты жекпе-жегінде америкалық файтерлер Макс Холлоуэй мен Дастин Порье октагонда жолықты.
Бес раундқа созылған айқас төрешілердің бірауыз шешімімен (49–46, 49–46, 48–47) Холлоуэйдің пайдасына аяқталды. Осылайша, Макс өзіне тиесілі BMF (Baddest Motherf*er) титулын сәтті қорғап қалды.
Бұл кездесуден кейін 36 жастағы Дастин Порье кәсіби мансабын ресми түрде аяқтады. Ол UFC тарихындағы ең танымал және беделді жеңіл салмақ өкілдерінің бірі ретінде есте қалды.
