10 сағат бұрын
Роберт Уиттакер: Шавкат Рахмоновты чемпион ретінде көруге асықпын

26 шілдеде Абу-Дабиде (БАӘ) UFC on ABC 9 турнирі өтеді. Турнирдің басты жекпе-жегінде аустралиялық Роберт Уиттакер мен нидерландтық Ренье де Риддер өзара айқаспақ. Осы орайда Роберт Уиттакер Шавкат Рахмонов бойынша өз ойымен бөлісті, деп хабарлайды Sport12.kz
Сіздің Kill Cliff залында Шавкат Рахмоновпен бірге жаттығатыныңыздан хабардармыз. Осы орайда қазақстандық жауынгер жайлы ойыңыз қалай? Алдағы уақытта Ислам Махачев пен Джек Делла Маддалена арасындағы жекпе-жектің жеңімпазымен өтуі мүмкін болар айқасы туралы не айтасыз?
– «Kill Cliff залында мықты жігіттер көп. Бұл жерде 5–6 жылдан бері жаттығып жүрмін. Шавкатты алғаш рет залда көргенде, «Міне, «болашақ чемпион» осы жігіт» деп ойладым. Өзі өте сабырлы, байсалды. Алайда ол өз ісінің шебері. Қай жерде болсын, төбелесе алады. Егер жарақаттан аман болса, алдағы уақытта Джекпен титул үшін айқасып, чемпион атануға жақсы мүмкіндігі бар деп ойлаймын. Мен ол үшін өте қуаныштымын және оны чемпион ретінде көруге асықпын», - деді Роберт Уиттакер.
Айта кетейік, бұл кеште отандасымыз Асу Алмабаев та өнер көрсетеді.
