15 сағат бұрын
Қуат Хамитов Қыркүйек пен Қарашада 4 жекпе-жек өткізуі мүмкін

Қазақстандық ММА файтері Қуат Хамитов октагонға қайта оралуы мүмкін екенін мәлімдеді. Спортшы қыркүйек пен қараша аралығында төрт жекпе-жек өткізу туралы ұсыныстар алғанын айтты.
«Екі ай ішінде төрт рет жекпе-жекке шығуым керек деп ойлағанымда, эмоциямды сөзбен жеткізу қиын. Қыркүйек пен қараша аралығында төрт қызықты ұсыныс алдым», – деп жазды Хамитов өз парақшасында.
Айта кетейік, Қуат Хамитов 2024 жылдың қыркүйегінде бокс әлемінде дебют жасап, Нұрберген Шариповпен өткен алты раундтық кездесуде төрешілер шешімімен жеңіске жеткен. Бұл жекпе-жектен кейін ол WBC Allstars чемпиондық белдігін иеленді.
Ал ММА-дегі соңғы жекпе-жегінде, 2024 жылдың мамыр айында, ресейлік Александр Шлеменкоға қарсы шыққан. Кездесу төрешілер шешімімен Шлеменконың пайдасына аяқталғанымен, Хамитов спорттық мансабын жалғастыруға ниетті екенін аңғартты.
Спортшының нақты қай ұйыммен және кіммен кездесетіні әзірге белгісіз. Бұл жайлы ресми мәліметтер алдағы уақытта жарияланбақ.