09.08.2025
Шанхайдағы UFC турнирінде үш қазақ файтері октагонға шығады

23 тамызда Шанхайда өтетін UFC Fight Night турнирінде үш қазақ файтері бақ сынайды, деп хабарлайды sport12.kz.
Жартылай ауыр салмақта қазақстандық Дияр Нұргожай (10-1, UFC: 0-1) Қырғызстан өкілі Уран Сатыбалдиевпен (9-1, UFC: 0-1) күш сынасады.
Сондай-ақ, Қытай атынан шығатын, тегі қазақстандық екі спортшы да октагонға шығады. Тайлак Нұражы (11-1, UFC: дебют) жартылай орта салмақта ирландиялық Кифер Кросбиді (10-5, UFC: 0-2) ауыспалы жекпе-жекте қарсы алады. Бұл жұп жарақат алған Сонг Кенанның орнына жасақталды.
Жеңіл салмақта Максат Қайсар (10-4, UFC: 2-3) америкалық Гэйдж Янгке (9-3, UFC: 0-1) қарсы шығады.
Турнир Астана уақытымен сағат 16:00-де басталады. Кештің басты кардында Джонни Уокер – Чжан Миньян, Брайан Ортега – Алджамейн Стерлинг, Сергей Павлович – Уолдо Кортес-Акоста сынды жекпе-жектер өтеді.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
