12.08.2025
UFC АҚШ-та жаңа ТВ-келісімшартқа қол қойды

UFC ұйымы АҚШ-тағы трансляция құқығын Paramount+ платформасына беріп, жаңа ауқымды келісім жасады. Жеті жылдық бұл келісімнің жалпы құны – 7,7 миллиард доллар.
Жаңа жүйеге сәйкес, 2026 жылдан бастап UFC-дің нөмірленген турнирлері АҚШ-та бұрынғыдай PPV (ақылы трансляция) жүйесімен сатылмайды. Қазір олардың бағасы – бір турнирге 80 доллар.
Бұған дейін америкалық жанкүйерлер үшін толық маусымға (барлық нөмірленген турнирлер + ESPN+ жазылымы) кететін шығын 1080 доллар болса, енді Paramount+ арқылы жылдық жазылым бағасы небәрі 60 доллар болады.
Айта кетейік, бұл өзгерістер әзірге тек АҚШ аумағындағы көрермендерге қатысты. Басқа елдердегі UFC трансляция жүйесі өзгеріссіз қалады.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
