12.08.2025
Шавкат Рахмонов тағы бір қарсыласынан айырылды

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновтың алдағы қарсыласына қатысты нақты шешім қабылданған жоқ. Бұл туралы спортшының бапкері Эдуард Базров мәлімдеді, деп хабарлайды «Спорт Шредингера».
Жартылай орта салмақ дәрежесінде UFC рейтингінің екінші сатысында тұрған америкалық Шон Брэди бұған дейін Рахмоновты жекпе-жекке ашық түрде шақырып, кездесуді 2025 жылдың қараша айында өткізуді ұсынған болатын. Осыған байланысты аталған жекпе-жек ұйымдастырылып жатқаны жөнінде түрлі ақпарат тараған еді.
Алайда Базров аталған ұсынысқа қатысты нақты түсініктеме берді.
«Жоқ, бұл жөнінде бізде ешқандай ақпарат жоқ. Әрине, оның басқа қарсыласы болуы әбден мүмкін», – деді ол журналистерге берген сұхбатында.
Айта кетейік, Шавкат Рахмонов соңғы жекпе-жегін 2024 жылдың желтоқсан айында өткізіп, Иэн Гэрриді мерзімінен бұрын жеңген. Ал Шон Брэди 2025 жылдың наурыз айында бұрынғы чемпион Леон Эдвардсты техникалық нокаутпен ұтқан.
Мамыр айында Рахмонов аяғынан жарақат алып, сол кездегі жартылай орта салмақ чемпионы Белал Мұхаммедке қарсы титулдық жекпе-жектен бас тартуға мәжбүр болған еді.
Қазіргі таңда аталған салмақ дәрежесінің чемпионы – австралиялық Джек Делла Маддалена. Ол бұл атақты Белал Мұхаммедті жеңу арқылы иеленген.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
