21 сағат бұрын
Әліби Ідіріс UFC-пен келісімшартқа отырды

Әліби Ідіріс
Қазақстандық ММА жауынгері Әліби Ідіріс UFC ұйымымен төрт жекпе-жекке есептелген келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды MMA Fighting.
16 тамызда Лас-Вегаста өткен UFC 316 турнирінде Ідіріс «The Ultimate Fighter 33» шоуының финалында америкалық Джозеф Моралеске екінші раундта «үшбұрыш» (triangle choke) әдісімен есе жіберіп, мансабындағы алғашқы жеңілісін тіркеген еді. Әдетте келісімшарт финалда жеңіске жеткен спортшыға беріледі, алайда UFC президенті Дана Уайт қазақстандық файтердің стилін жоғары бағалап, оған ұйыммен келісімшарт ұсынды.
Осылайша Әліби Ідіріс UFC-дегі жетінші қазақстандық спортшы атанды. Бұған дейін бұл лигада Шавкат Рахмонов, Асу Алмабаев, Азат Мақсұм, Бекзат Алмахан, Дияр Нұрғожай және Николай Веретенников өнер көрсетіп жүр.
Айта кетейік, Ідіріс финалға дейін Фуркатбек Йокубов пен Ройберт Эчерверрияны жеңіп, ұйым матчмейкерлерінің назарын аудартты. Оның TUF-тағы бапкері, UFC-дің екі дивизиондағы бұрынғы чемпионы Даниэль Кормье де қазақстандық спортшыны қолдап, алдағы уақытта октагонда өзін жақсы қырынан көрсететініне сенім білдірді.
Сонымен қатар, аталмыш маусымның тағы бір қатысушысы, жартылай финалда әділқазылардың даулы шешімімен жарыстан шығып қалған Иманоль Родригес те UFC-пен келісімшартқа отырғанын хабарлады.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
