27.08.2025
Асу Алмабаевтың келесі қарсыласы белгілі болды

Қазақстандық UFC жауынгері Асу Алмабаевтың келесі жекпе-жегі жайлы ақпарат белгілі болды, деп хабарлайды Sport12.kz
Жерлесіміздің қарсыласы - UFC әлемдік рейтингтің сегізінші сатысында тұрған америкалық Алекс Перес. Бұрынғы уақытша чемпиондық белбеуге үміткер Перес бұған дейін Алмабаевқа ашық түрде жекпе-жекке шақыру тастаған болатын.
Жекпе-жек 21 қараша күні Дохада өтеді. Бұл тарихта алғаш рет Қатарда ұйымдастырылатын UFC турнирі.
Айта кетейік, Асу Алмабаевтың соңғы кездесуі 27 шілде күні Абу-Дабиде өткен UFC on ABC 9 турнирінде өтіп, перулік Хосе Очоаны қазылардың бірауызды шешімімен жеңіп шықты.
Ал 33 жастағы Алекс Перес UFC-де 2017 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. 2020 жылдың қарашасында ол үш жеңістен кейін титул үшін айқасқа шыққанымен, алғашқы раундта Дейвесон Фигередодан жеңілген еді.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
