01.09.2025
Колби Ковингтон Махачев – Делла Маддалена жекпе-жегіне болжам жасады

UFC-дің бұрынғы уақытша чемпионы Колби Ковингтон 2025 жылдың 16 қарашасында өтетін UFC 322 турниріндегі Ислам Махачев пен Джек Делла Маддалена арасындағы жекпе-жекке қатысты пікір білдірді.
«Ислам – жеңіл салмақтан, сондықтан бұл кездесуде ол сәл кішілеу болады. Бірақ ол әмбебап файтер. Егер тейкдаун жасап, Джекті бақылап ұстай алса, мақсатына жететіні анық. Дегенмен, габариттегі айырмашылықтың нәтижеге әсері қызық болғалы тұр. Шанс Махачев жағында, сондықтан мен оны таңдағаным жөн деп ойлаймын», – деді Ковингтон Helen Yee Sports арнасына берген сұхбатында.
Айта кетейік, Ислам Махачев – UFC-дің бұрынғы жеңіл салмақтағы (70 кг) чемпионы. Ал Джек Делла Маддалена – жартылай орта салмақтағы (77 кг) қазіргі чемпион. Австралиялық файтер биыл мамырда Махачевтің командаласы Белал Мұхаммедті жеңіп, белбеуге қол жеткізген болатын. Ал Махачевке қарсы айқас – оның алғашқы белбеуін қорғау жекпе-жегі болмақ.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
