4 сағат бұрын
Испаниялық БАҚ UFC-дегі Бекзат Алмаханның деңгейін бағалады

Испаниядағы Eurosport редакциясы жеңіл салмақтағы UFC жауынгері Бекзат Алмаханның (12-2) деңгейіне баға берді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Еске сала кетсек, Алмахан келесі жекпе-жегін Испанияда тұратын грузин спортшысы Александр Топурияға (6-1) қарсы өткізеді.
— «Алмахан - өте мықты қарсылас. Оның кәсіби мансабында небәрі екі жеңіліс бар. Соның бірі - жеңіл салмақтағы бұрынғы титулға үміткер әрі Хабиб Нурмагомедовтың немере інісі Умар Нурмагомедов. Жуырда Бекзат сол сәтсіздікті еселеп, UFC 315 турнирінде Брэд Катонаны нокаутпен жеңіп, сенсация жасады», — деп жазады басылым.
Бұл айқас 22 қараша күні Дохада (Катар) өтетін UFC Fight Night турнирінде жоспарланған.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
