4 күн бұрын
Пэдди Пимблетт: «Топурияны бес раундқа жеткізбей тоқтатамын»

Пэдди Пимблетт
UFC жеңіл салмақ дәрежесінде өнер көрсететін британдық файтер Пэдди Пимблетт дивизион чемпионы Илиа Топуриямен (Грузия) мүмкін жекпе-жекке қатысты ойын айтты.
«Мен оны міндетті түрде мерзімінен бұрын жеңемін. Бұл айқас бес раундқа дейін созылмайды. Топурия менен жақсырақ боксшы, бірақ біз бокс емес, MMA-да өнер көрсетеміз. Мен оның аяқтарын тепкілеймін, ал ол бас салса, жерге құлатып, не шынтақпен сабаймын, не тұншықтырып тастаймын», — деді Пимблетт Evening Standard басылымына берген сұхбатында.
Британдық соңғы рет сәуір айында UFC 314 турнирінде Майкл Чендлерді техникалық нокаутпен жеңген. Қазір оның еншісінде 23 жеңіс және 3 жеңіліс бар. Ал Топурия маусымда UFC 317-де Чарльз Оливейраны нокаутқа түсіріп, жеңіліссіз сериясын жалғастырды. Оның рекорды — 17 жеңіс, 0 жеңіліс.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
