2 күн бұрын

UFC қазақ спортшысымен қош айтысты

UFC қазақ спортшысымен қош айтысты

Мақсат Қайсар

Қытайдан шыққан этникалық қазақ Мақсат Қайсар (10-5) UFC-дің ресми ростерінен шығарылды, деп хабарлайды Sport12.kz «Спорт Шредингераға» сілтеме жасап.

Қайсар әлемнің ең ірі ұйымымен келісімшартты «Дана Уайттың Претенденттер шоуында» жеңіске жеткен соң алған еді. Дебютінде ол Стив Гарсияны нокаутпен жеңіп, жарқын бастау жасаған болатын.

Алайда кейінгі жекпе-жектерде спортшы екі мәрте қатарынан жеңіліске ұшырады. 2024 жылдың көктемінде Қайсар сәтсіз сериясын тоқтатып, төрешілердің бөлек шешімімен жеңіске жетті. Бірақ соңғы екі жекпе-жекте тағы да жеңілгеннен кейін UFC басшылығы онымен келісімшартты жалғастырмауды ұйғарды.

Мақсат Қайсардың соңғы айқасы UFC-дің Шанхайдағы турнирінде өтті. Онда ол қытайлық Гейдж Янгуге төрешілердің бірауызды шешімімен жол берді.


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас

«Қызылорда Арена» матчтарды өткізуге дайын

Футбол 17 минут бұрын

«Қызылорда Арена» матчтарды өткізуге дайын

Тюрамдар дербиді қыздырды

Футбол 32 минут бұрын

Тюрамдар дербиді қыздырды

Жеңіл атлетикадан әлем чемпионаты қазақстандық спортшылар жүлде ала алған жоқ

Басқа 53 минут бұрын

Жеңіл атлетикадан әлем чемпионаты қазақстандық спортшылар жүлде ала алған жоқ

Әлем чемпионаты: Камил Куруглиев алғашқы белдесуінде жеңіске жетті

Күрес 58 минут бұрын

Әлем чемпионаты: Камил Куруглиев алғашқы белдесуінде жеңіске жетті

Асылжан Есенгелді әлем чемпионатының қола жүлдесі үшін күреседі 

Күрес 1 сағат бұрын

Асылжан Есенгелді әлем чемпионатының қола жүлдесі үшін күреседі 

Теренс Кроуфорд: «Енді бокстың бет-бейнесі — менмін»

Бокс 2 сағат бұрын

Теренс Кроуфорд: «Енді бокстың бет-бейнесі — менмін»