2 сағат бұрын

Конор Макгрегор Ирландия президенті сайлауына қатысудан бас тартты

Конор Макгрегор Ирландия президенті сайлауына қатысудан бас тартты

UFC-дің бұрынғы чемпионы Конор Макгрегор Ирландия президенті сайлауына қатысудан бас тартатынын мәлімдеді. Бұл туралы 36 жастағы спортшы әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

Оның айтуынша, шешім отбасы және жақындарымен ұзақ талқылаудан кейін қабылданған:

«Ұзақ ойланудан және отбасыммен сөйлесуден кейін президенттік сайлаудан бас тартуды жөн көрдім. Бұл оңай қадам емес, бірақ қазіргі жағдайда дұрыс шешім», — деді Макгрегор.

Айта кетейік, 4 қыркүйекте ол ресми түрде кандидатурасын ұсынған еді. Сайлау 2025 жылдың 11 қарашасында өтеді.

Ирландиялық спортшы бұған дейін ел билігінің миграциялық саясатын сынға алып, АҚШ президенті Дональд Трамппен кездескен болатын. Сол кездесуде ол Ирландия үкіметін заңсыз миграцияны қолдады деп айыптады.

Макгрегордың соңғы жекпе-жегі UFC 264 турнирінде америкалық Дастин Порьеге қарсы өтті. Сол кездесуде ол аяғынан ауыр жарақат алып, бірінші раундта жеңілген еді.



Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас

Темірлан Анарбековке бүгін ота жасалады

Футбол 21 минут бұрын

Темірлан Анарбековке бүгін ота жасалады

Қазақстандық гимнастка Чехияда Гран-приде екі күміс медаль жеңіп алды

Басқа 27 минут бұрын

Қазақстандық гимнастка Чехияда Гран-приде екі күміс медаль жеңіп алды

Конор Макгрегор Ирландия президенті сайлауына қатысудан бас тартты

ММА/UFC 2 сағат бұрын

Конор Макгрегор Ирландия президенті сайлауына қатысудан бас тартты

Ян Вороговский «Тобылға» қарсы ойынды өткізіп алады

Футбол 2 сағат бұрын

Ян Вороговский «Тобылға» қарсы ойынды өткізіп алады

Жеңілісі жеңісінен екі есе көп

Футбол 2 сағат бұрын

Жеңілісі жеңісінен екі есе көп

Таеквондодан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына дайындығын бастады

Басқа 3 сағат бұрын

Таеквондодан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына дайындығын бастады