02.10.2025
Матеуш Гамрот: «Оливейраны алмастыруға дайынмын»

UFC жеңіл салмағында өнер көрсететін поляк спортшысы Матеуш Гамрот рейтингте Чарльз Оливейраны ығыстыруға ниетті екенін айтты. Қазіргі таңда Гамрот дивизионда 8-орында тұр.
Олардың жекпе-жегі 12 қазан күні Рио-де-Жанейрода өтетін UFC Fight Night 261 турнирінде болады.
«Оливейраның ұлылығын мойындаймын, бірақ Бразилияға оған құрмет көрсетух үшін емес, жеңіске жету үшін барамын. Мен ешқандай қысым сезінбеймін, кез келген стильде айқасуға дайынмын – ол партер болсын, немесе тік тұрып жұдырықтасу болсын», – деді Гамрот.
Поляк спортшысы бұл жекпе-жекті тағдырдың берген мүмкіндігі деп санайды. Ол жеңіске жетсе, жеңіл салмақтың шыңына бір табан жақындап, UFC элитасында орнығуды көздеп отыр.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас