6 күн бұрын
Алекс Перейра Анкалаевты нокаутпен жеңіп, белбеуін қайта қайтарды

UFC баспасөз қызметі титулдық жекпе-жектің толық статистикасын жариялады. Бразилиялық Алекс Перейра ресейлік Магомед Анкалаевты бірінші раундта-ақ жеңіп, жартылай ауыр салмақтағы чемпиондық белбеуін қайтарып алды.
Бәсеке небәрі 1 минут 20 секундқа созылды. Осы уақыт ішінде Анкалаев 9 соққы жасап, оның 4-і ғана дөп тиді (3-еуі – корпусқа, 1-еуі – аяққа). Ал Перейра әлдеқайда белсенді болды: барлығы 45 соққы бағыттап, оның 28-і дәл тиді. Әсіресе партерге түсіргеннен кейінгі 23 соққысы шешуші рөл атқарды.
Осылайша, 38 жастағы Перейра Анкалаевтан белбеуін қайта тартып алды. Еске салайық, 2025 жылдың 3 наурызында өткен UFC 313 турнирінде ол ресейлік қарсыласына төрешілер шешімімен ұтылған болатын.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас