6 күн бұрын
Алекс Перейра: «Бұл жеңісті менің командам жасады»

38 жастағы бразилиялық Алекс Перейра Лас-Вегаста өткен UFC 320 турнирінде Магомед Анкалаевты жеңіп, жартылай ауыр салмақтағы чемпиондық белбеуін қайтарып алды.
«Алдыңғы жолы менде көп нәрсе шықпады, бірақ бүгін бәрін жасадым. Ол маған қарсы ештеңе көрсете алмады. Мен өз командам үшін, бауырларым үшін арнайы сөз дайындап қойғанмын. Бұл жеңісті олар жасады», — деді Перейра жекпе-жектен кейін.
Айта кетейік, бәсеке екінші минутта аяқталды. Перейра қарсыласын соққымен сұлатып, партерде соққыларын дарытты. Рефери Хёрб Дин жекпе-жекті тоқтатып, бразилиялықтың техникалық нокаутпен жеңісін тіркеді.
Осылайша, Алекс Перейра тағы да UFC чемпионы атанды.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас