6 күн бұрын
Мераб Двалишвили Петр Янмен реванш туралы пікір білдірді

Жеңіл салмақта UFC чемпионы Мераб Двалишвили кезекті титулын қорғағаннан кейінгі баспасөз мәслихатында ресейлік Петр Янмен мүмкін болатын реванш жайында ойымен бөлісті.
«Бұл – жаңа жекпе-жек болады. Ол алғашқы кездесуімізден кейін жақсарды деп ойлаймын және сол кезде жіберген қателіктерін түзетті. Бұл мен үшін басқа сынақ болмақ. Бірақ мен шақырудан қорықпаймын. Петр Ян мықты соққы иесі, тейкдаундарға қарсы қорғанысы да жақсы. Ол қауіпті әрі техникалық тұрғыда өте мықты. Бірақ бәрі қалай аяқталатынын ешкім білмейді. Маған осындай сынақтар ұнайды. Чемпион болып мәңгі жүре алмайтынымды білемін, сондықтан әр үміткерге мүмкіндік беріп, октагонға қайта-қайта шығамын», — деді Двалишвили.
Айта кетейік, UFC 320 турнирінде Лас-Вегаста өткен жекпе-жекте Двалишвили бес раундтық шайқастан кейін бірауыздан төрешілер шешімімен жеңіске жетті.
Еске салсақ, қос спортшының алғашқы айқасы 2023 жылдың 11 наурызында өтіп, грузин файтері сол кезде де жеңіске жеткен еді. Қазір Петр Ян үш кездесуде қатарынан жеңіске жетіп отыр. Сондықтан реванш дивизиондағы ең көп күтілетін жекпе-жектердің біріне айналуы мүмкін.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас