4 сағат бұрын
Азат Максум күтпеген жерден UFC турнирі алдындағы салмақ өлшеуде лимиттен асып кетті
25 қазан, сенбі күні қазақстандық файтер Азат Максум (15-2) өз мансабындағы келесі жекпе-жегін UFC 321 турнирінде өткізеді. Турнир Абу-Дабиде (БАӘ) өтеді, ал оның қарсыласы — америкалық Митч Рапосо (9-3).
Алайда жекпе-жек алдындағы ресми өлшеу рәсімінде Максум найлегчай салмақ дәрежесінің лимитіне (57,15 кг / 126 фунт) сыймай қалды. Қазақстандық спортшы таразыда 129 фунт (58,5 кг) көрсетті, тіпті екінші рет өлшенгенде де — киімсіз түрде — нәтиже өзгермеді. Ал қарсыласы Рапосо еш қиындықсыз 125,5 фунт (56,9 кг) салмақ көрсетті.
Енді Азат Максумға артық салмақты түсіру үшін қосымша уақыт берілді. «Салтанатты» өлшеу рәсімі 24 қазан күні сағат 19:00-де (Қазақстан уақытымен) өтеді.
Айта кетсек, Максум соңғы кездесуін маусым айында ресейлік Тагир Уланбековке (17-2) қарсы өткізіп, төрешілердің даулы шешімімен жеңіліп қалған. Қазіргі уақытта оның UFC-дегі рекорды — 1 жеңіс және 2 жеңіліс.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас