3 сағат бұрын
Азат Мақсұм UFC 321 турнирінде жеңіліс тапты
Азат Мақсұм (15-2) Абу-Дабиде өтіп жатқан UFC 321 турнирінде өнер көрсетті, деп хабарлайды Sport12.kz
Мақсұм америкалық қарсыласы Митч Рапосоға (9-3) қарсы жеңіл салмақ дәрежесінде (57,15 келі) жекпе-жек өткізді.
3 раундтың қорытындысы бойынша, төрешілер бірауыздан 29:27 есебімен жеңісті Митч Рапосоға берді.
Айқас барысында Азат 102 соққы бағыттап, оның тек 24-ін ғана дәл дарытты. Ал Митч 118 соққы жұмсап, 62-сін дәл тигізді.
Айта кетейік, Азат бұған дейін маусым айында Тагир Уланбековпен кездесіп, күтпеген жерден тартысты айқасты сыйлап еді. Алайда ол сәтте де жеңілістің ащы дәмін татқан болатын.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
Қанат Байұзақов