Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Футболға болжам үшін iPad A16 ал. Өту
Ислам Махачевтің жекпе-жегіне 30% кэшбэк! Өту
Olimpbet Видеореп

2 күн бұрын

Еркебұлан Тоқтар: Қуат Хамитовпен шығуға дайынмын

Еркебұлан Тоқтар: Қуат Хамитовпен шығуға дайынмын

Аралас жекпе-жектің жұлдызы Еркебұлан Тоқтар Қуат Хамитовтың жазбасына жауап берді, деп хабарлайды Sport12.kz

«Достар, байқасаңыздар, мен ешкімді шақырмаймын. Бәрі мені шақырады. Енді міне Қуат Хамитов мәлімдеме жасады. Мен оның жанкүйері болып едім. Бала кезден жекпе-жектерін тамашалап өстім. Енді жылдың аяғына дейін жарқын айқас болады депті. Иә, болады. Бірақ жарқын нокаут тіркеледі. Сізді сыйлаймын. Алайда қанша жерден сыйласам да, бокстан ұрып жіберемін. Шындыққа тура қарайық. Адамдар күлетін шығар. Бірақ бұл шындық. Өзіме сенімдімін. Аллаға шүкір, жақсы формадамын. Let’s go! Кез келген уақытта шығуға әзірмін. Желтоқсанның 29-ы туған күнім. Жақсы сыйлық болғалы тұр. Кеттік! Кім ұйымдастырады? Залды жанкүйерлерге толтырып, жарқын жекпе-жек сыйлаймыз. Біз тиіп-қашып жүрмейміз. Бір қадам шегінбей, нағыз шоу сыйлаймыз», - деді Еркебұлан Тоқтар.

Айта кетейік, санаулы уақыт бұрын Қуат Хамитов өз парақшасында:

«Қазақстандағы промоутерлердің турнир ұйымдастыру деңгейінен шынымен де көңілім қалды! Нағыз масштаб қайда, шоу қайда? Бәрі жасанды, бәрі өтірік қой… Жылдың ең айтулы жекпе-жегі – Қуат Хамитов пен Еркебұлан Тоқтар арасындағы кездесу! Бұдан асқан жекпе-жек отандық бокс алаңында болмайды!», – деп жазған еді.

Қуат Хамитов өз мансабында бір рет бокс кешіне шықса, Еркебұлан әлі жұдырықтасып көрмеген.


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас