Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

14.11.2025

Джек Делла Маддалена: Шавкат Рахмонов чемпиондыққа басты үміткер емес

Джек Делла Маддалена: Шавкат Рахмонов чемпиондыққа басты үміткер емес

UFC-дің жартылай орта салмақтағы чемпионы Джек Делла Маддалена дивизиондағы жағдайға күтпеген жерден пікір білдіріп, Шавкат Рахмонов енді басты үміткер емес екенін айтты, деп хабарлайды Sport12.kz

Aустралиялықтың айтуынша, қазақ спортшысының кейін шегінуіне жалғыз себеп - ұзақ уақыт жекпе-жекке шықпауы.

Чемпионның ойынша, Рахмонов жарақатынан айығып жүрген кезде дивизион алға жылжыған:

«Айту қиын. Бірақ меніңше, оның жоқтығында дивизион алға кетті. Егер ұзақ уақыт жекпе-жекке шықпасаң, артта қаласың. Менің ойымша, солай болды. Қазір ол жиірек жекпе-жекке шығатындардың көш соңында тұр. Шон Брэди белсенді, Иэн Гэрри де үнемі төбелеседі. Шавкат қалайша бұл жігіттерден жоғары тұра алады?» — деді Маддалена баспасөз конференциясында.

Айта кетейік Маддалена 16 қараша күні Нью-Йоркта Ислам Махачевқа қарсы жартылай орта салмақтағы чемпиондық атағын қорғайды.


Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»