14.11.2025
Шавкат Рахмонов: Маддалена - менің арқамда чемпиондық айқасқа шыққаныңды ұмытпа
31 жастағы UFC-дің жартылай орта салмақтағы (77 келіге дейін) рейтингте үшінші орында тұрған, жеңілмеген қазақстандық Шавкат Рахмонов чемпиондық жекпе-жекке бірінші үміткер емес деп мәлімдеген 29 жастағы қазіргі дивизион чемпионы Джек Делла Маддаленаға жауап берді, деп хабарлайды Sport12.kz
«Сенің чемпиондық жекпе-жекке шығуыңа жалғыз себеп — менің жарақатым. Бұған дейін өзіңнің 14 ай бойы белсенді болмағаныңды ұмытып кеткенің қызық екен», — деп жазды Рахмонов Х әлеуметтік желісінде.
Айта кетейік, Шавкат Рахмонов жарақатына байланысты 2025 жылы әлі жекпе-жек өткізбеді.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»
Қанат Байұзақов