Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Футболға болжам үшін iPad A16 ал. Өту
Ислам Махачевтің жекпе-жегіне 30% кэшбэк! Өту
Olimpbet Видеореп

53 минут бұрын

Умар Нурмагомедов: Бекзат Алмаханның жойқын соққысы бар

Умар Нурмагомедов: Бекзат Алмаханның жойқын соққысы бар

UFC-де жеңіл салмақта өнер көрсететін Умар Нурмагомедов Бекзат Алмаханның алдағы айқасына болжам жасады, деп хабарлайды Sport12.kz

«Бекзат пен Александр да жақсы жұдырықтасады. Егер жекпе-жек осы мәнерде жалғасса, қос жауынгердің де жеңіске жетуге мүмкіндігі бар. Әйтсе де Бекзаттың мүмкіндігі көбірек. Өйткені оның соққысы жойқын және ол көп қарсыластарын нокаутқа жіберген. Қос спортшыға да сәттілік тілеймін», - деді Умар Нурмагомедов.

Ол баспасөз жиынында Ислам Махачев пен Шавкат Рахмоновтың арасында өтуі мүмкін айқасқа да тоқталды.

«Қос спортшының бір-бірімен шыққанын қаламаймын. Әйтсе де бұл спорт. UFC-де жеке мәселесін емес, кім мықты екенін анықтайды», - деп Умар Нурмагомедов өз ойын түйіндеді.

Айта кетейік, 22 қараша күні Қатарда өтетін UFC Fight Night турнирінде Бекзат Алмахан (12–2, UFC 1–1) Александр Топуриямен (6–1) айқасады.

Бекзат Алмахан мен Умар Нурмагомедов 2024 жылы Лас-Вегаста жолығып, төрешілер шешімімен Умар басым түскен еді.


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас