3 күн бұрын
Алмабаев UFC-дегі жаңа титулға үміткер атануы мүмкін
NAIZA лигасының президенті Нұрбек Карабала Дохада өтетін UFC Fight Night турнирі алдында қазақстандық спортшылар Асу Алмабаев пен Бекзат Алмаханның мүмкіндіктеріне қатысты пікір білдірді.
Карабала атап өткендей, екі спортшы да алдағы жекпе-жектерге жоғары деңгейде дайындалған және олардың жеңіске жету ықтималдығы зор. Оның сөзінше, Асу Алмабаев UFC-де өзін сенімді түрде көрсетіп, ұйым аясында небәрі бір ғана жеңіліске ұшыраған.
— Шавкат Рахмоновтан кейін UFC-дегі титулдық жекпе-жекке сенімді түрде жақындай алатын келесі қазақстандық — Асу Алмабаев. Бұл салмақта жастар қатары көп емес, сондықтан ұйым да оны алға жылжытуға мүдделі болуы ықтимал. Қазақстандық жанкүйерлердің қолдауы да оның маркетингтік тартымдылығын арттырады, — деді Карабала.
Айта кетейік, 2025 жылы Алмабаев Манэлу Капеден жеңілгеннен кейін, Хосе Очоаны ұтып, жеңісті жолын қайта жалғастырды. Қазіргі уақытта ол ең жеңіл салмақ дәрежесі рейтингінде сегізінші орында тұр. Дохада ол америкалық Алекс Переспен кездеседі.
Сол кеште Бекзат Алмахан UFC чемпионы Илия Топурияның туған бауыры — Александр Топуриямен жекпе-жекке шығады.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас