Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

25.11.2025

Асу Алмабаев UFC рейтингінде жетінші орынға көтерілді

Асу Алмабаев UFC рейтингінде жетінші орынға көтерілді

Қазақстандық файтер Асу Алмабаев Алекс Переске қарсы айқын жеңіске жеткеннен кейін UFC-дің ең жеңіл салмақ дәрежесіндегі рейтингінде бір орынға көтерілді.

22 қараша күні Дохада (Катар) өткен турнирде Алмабаев қарсыласын үшінші раундта мерзімінен бұрын жеңді. Бұл жеңіс оған дивизиондағы жетінші орынға көтерілуге мүмкіндік берді. Ал америкалық Алекс Перес 11-орынға төмендеді.

Аталған салмақтағы қазіргі чемпион — Алешандре Пантожа. Ол 6 желтоқсан күні Лас-Вегаста бірінші нөмірлі үміткер Джошуа Ванмен кездеседі.

Алмабаев соңғы жекпе-жектерінде Хосе Очоаны төрешілер шешімімен жеңіп, оған дейін Манелю Капеден техникалық нокаутпен жеңілген еді. Қазіргі таңда оның кәсіби рекорды — 22 жеңіс және 3 жеңіліс.



Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»