Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

30.11.2025

Асу Алмабаев келесі қарсыласының қашан белгілі болатынын айтты

Асу Алмабаев келесі қарсыласының қашан белгілі болатынын айтты

Қазақстандық UFC жауынгері Асу Алмабаев SPORT+ басылымына өзінің келесі қарсыласы қашан жарияланатынын айтып, ең жеңіл салмақ дәрежесіндегі рейтингтегі жағдай 2026 жылдың басында түбегейлі айқындалатынын атап өтті.

«Джошуа Ван 6 желтоқсанда титул үшін айқасады. Бұған дейін айтқанымдай, егер турнир алдында күтпеген жағдайлар болып қалса, ауыстыру ретінде шығуға дайынмын. Бірақ 99 пайыз жағдайда бәрі жоспар бойынша өтеді, өйткені ешкім белдік үшін мүмкіндігін жоғалтқысы келмейді. Желтоқсанның соңына дейін мені қоса алғанда, менен жоғары тұрғандардың барлығы өзара жекпе-жектерін өткізеді. Ал келесі жылдың басында кіммен және қашан жұдырықтасатынымыз нақты белгілі болады», – деді ол.

Алмабаев соңғы кездесуін 22 қараша күні Катардың Доха қаласында өткен UFC Fight Night турнирінде өткізді. Онда ол Алекс Пересті үшінші раундта «гильотина» әдісімен жеңіп, ең жеңіл салмақтағы рейтингте жетінші орынға көтерілді.

Айта кетейік, аталған салмақ дәрежесінің қазіргі чемпионы – бразилиялық Алешандре Пантожа. Ол 6 желтоқсанда Джошуа Ванға қарсы титулын кезекті рет қорғайды.



Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»