30.11.2025
Арман Царукян UFC-дің шешімін қатты сынға алды
UFC жеңіл салмақ рейтингінің бірінші нөмірі Арман Царукян Пэдди Пимблетт пен Джастин Гейджи арасында уақытша чемпиондық белбеу үшін жекпе-жек ұйымдастыру туралы лига шешіміне өз наразылығын білдірді.
Спортшының айтуынша, UFC бұл арқылы Пимблетті жұлдызға айналдыруды көздеп отыр.
«Неге маған титулдық кездесу берілмеді? Бұл — UFC-дің жоспары. Топурияның отбасылық мәселелері себеп емес. Олар Пимблетті жұлдыз қылғысы келеді және оны танымағырақ болған кезде Топуриямен титул үшін төбелестірмек.
Мен кез келгенін жеңе аламын. Пэдди — жеңіл жұмыс, Джастин — жеңіл жұмыс, Илия — жеңіл жұмыс. Ислам Махачев ауыр қарсылас еді, бірақ ол кетті. Бұл дивизионда менің деңгейімде ешкім жоқ», – деді Царукян.
22 қараша күні Царукян Дохада өткен UFC Fight Night 265 турнирінде Дэн Хукерді екінші раундта тұншықтыру тәсілімен жеңіп, рекордын 23–3 етті.
Пимблетт соңғы рет 2025 жылдың сәуірінде UFC 314 турнирінде Майкл Чендлерді жеңген. Гейджи 2025 жылдың наурызында UFC 313-те Рафаэль Физиевті ұтты, қазіргі рекорды — 26–5.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»