Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

01.12.2025

Махачев – Рахмонов жекпе-жегі өте ме? Сарапшы пікір білдірді

Махачев – Рахмонов жекпе-жегі өте ме? Сарапшы пікір білдірді

Fight Nights президенті Камил Гаджиев Ислам Махачев пен Шавкат Рахмонов арасындағы өтетін жекпе-жек туралы өз ойын айтты. Оның сөзінше, бұл айқас көрермен үшін өте қызықты болар еді, бірақ қазіргі жағдайда оның өтуі екіталай.

Гаджиев басты себеп ретінде Шавкаттың ұзақ уақыт бойы октагонға шықпағанын атап өтті.

— «Бұл – расында да көргіміз келетін жекпе-жек. Бірақ Шавкаттың ұзақ үзілістен кейін бірден Махачевке қарсы шығуы дұрыс емес деп ойлаймын. Себебі айқас өтетін уақытта оның октагонға шықпағанына бір жылдан аса уақыт болады. Сондықтан мен Гэрри немесе Усманмен жекпе-жек өтуі мүмкін деп санаймын», — деді ол.

Сарапшы сондай-ақ Рахмонов – Махачев айқасы посткеңістіктегі жанкүйерлер үшін ең қызықты оқиғалардың бірі болатынын да атап өтті.



Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»