08.12.2025

Алекс Перейра ауыр салмаққа өтуді жоспарлап отыр

Алекс Перейра ауыр салмаққа өтуді жоспарлап отыр

UFC-дің жартылай ауыр салмақтағы чемпионы Алекс Перейра ауыр салмаққа өту мүмкіндігін қарастырып жатқанын мәлімдеді. Ол келесі жекпе-жегін Джон Джонспен немесе қазіргі ауыр салмақ чемпионы Том Аспиналлмен өткізгісі келетінін айтты.

Перейра өзінің жоспары туралы былай деді:

«Мен Ақ үйде өтетін турнирде Джон Джонспен жекпе-жек жайлы айттым. Сонымен қатар үшінші чемпиондық белдік үшін ауыр салмақта өнер көрсету мүмкіндігін де талқыладым. Бірақ бұл менің қолымда емес. Өзімнің қалауларым бар, алайда бәрі сияқты мен де тек күтемін», – деді ол Omelete басылымына берген сұхбатында.

Алекс Перейра соңғы рет 2025 жылдың күзіне қарай UFC 320 турнирінде октагонға шығып, бірінші раундта Магомед Анкалаевты нокаутпен жеңіп, жартылай ауыр салмақтағы чемпиондық белдігін қайта қайтарып алған еді. Оның рекордында 13 жеңіс және 3 жеңіліс бар.



Біздің серіктес: Бізге тіркел!