6 күн бұрын

Шавкат Рахмонов қарсыласының шақыруына жауап берді

Шавкат Рахмонов қарсыласының шақыруына жауап берді

Жартылай орта салмақтағы рейтингтің үшінші нөмірі Шавкат Рахмонов американдық Хоакин Баклидің әлеуметтік желілердегі шақыруына жауап берді.

Instagram-дегі постында Хоакин Шавкатты «Өзбекстанда жасырынуды қой!» деп айыптап, жекпе-жекке келісімшартқа отырғызуды талап етіп, қазақстандық файтерге бірнеше қорлаушы сөздер айтты.

Шавкат Рахмонов өз кезегінде постқа қазақ тілінде пікір қалдырды:

«Қара бала таяқ жейсің» — деп жазды «Номад» спортшысы.

Айта кетейік, Хоакин Бакли соңғы кездесуінде маусым айында Камару Усманға төрешілердің бір ауыздан шешімімен жеңілді. Ал Шавкат Рахмонов соңғы рет 2024 жылғы желтоқсанда ирландиялық файтер Иэн Гэрриді ұтып, рингке шыққан.



Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас