4 күн бұрын

Шавкат Рахмоновтың UFC-ге оралу мерзімі белгілі болды

Шавкат Рахмоновтың UFC-ге оралу мерзімі белгілі болды

UFC-де өнер көрсететін қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновтың жаттықтырушысы Эдуард Базров шәкіртінің октагонға қайта оралу мерзімі туралы пікір білдірді.

Маман жанкүйерлерді көптен мазалап жүрген басты сұрақтардың біріне жауап берді — жартылай орта салмақта рейтингтің екінші сатысында тұрған Шавкат Рахмонов келесі жекпе-жегін қашан өткізеді?

— Барлығын қызықтыратын ең басты сұрақ — Шавкат қашан оралады? Ішкі ақпараттарыңызбен бөліссеңіз.
— Келесі жылы ораламыз деп үміттенемін. Нақты айын айта алмаймын, себебі ол кезде Ораза айы болады. Алла қаласа, көктемде, көктемнің басында қайта рингке шығамыз деп жоспарлап отырмыз, — деді Базров.

Еске салайық, Шавкат Рахмоновтың соңғы жекпе-жегі өткен жылдың 8 желтоқсанында Лас-Вегаста (АҚШ, Невада штаты) өткен UFC 310 турнирінде болды. Ол кездесуде қазақстандық файтер ирландиялық Иэн Гарриді төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңіп, жартылай орта салмақта чемпиондық белбеуге үміткерлер қатарындағы орнын нығайтты.



Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас