8 сағат бұрын

Дияр Нургожайдың келесі қарсыласы анықталды

Дияр Нургожайдың келесі қарсыласы анықталды

Қазақстандық жартылай ауыр салмақтағы UFC файтері Дияр Нұрғожай (10-2) әлемдегі ең мықты ММА ұйымындағы келесі поедингі туралы пост жариялады.

7 наурызда Лас-Вегаста (Невада штаты, АҚШ) Нұрғожай UFC 326 турнирінде октагонға қайта оралып, бразилиялық Рафаэл Тобиаспен (14-1) кездеседі.

Instagram парақшасында Дияр алдағы іс-шараның афишасын жариялап, оған «Күні бар. Мақсаты бар» деп жазба қалдырды.

Дияр Нұрғожай үшін бұл келесі поедингі UFC ұйымындағы үшінші шығуы болады. Алдыңғы екі жекпе-жек сәтсіз болды: наурызда ол UFC-дегі дебютінде бразилиялық Брендсон Рибейроға (17-9) сабмишен арқылы жеңіліп, тамызда қырғыз файтері Ұран Сатыбалдиевке (9-1) ұқсас тәсілмен жеңілді.



Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас